6 сағат бұрын

Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова Азия чемпионы атанды 

Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова Азия чемпионы атанды 

Фото: Спорттық дамыту дирекциясы

Бүгін Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sport12.kz..

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, байдаркада жұптық сында 500 метрге жарыста Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова мәреге бірінші келді. Одан кейінгі сатыға Қытай (Хуан Цзеи, Ден Меи) мен Жапония спортшылары жайғасты. 

Ольга мен Ирина ұзақ жылдан бері ұлттық құрама сапында сынға түсіп келеді. Азия чемпионатына 2007-2009 жылдан бері қатысып, бірнеше мәрте чемпион атанған. 

Айта кетерлігі, мұнда қытайлық спортшы Хуан Цзеи Азия ойындарының 2 дүркін чемпионы (Инчхон, Джакарта) және жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Қазір Қазақстан командасында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль болды. Қалған қашықтықта финал кешке дейін жалғасады.


«Барселона» – «Реал»: Эль-Класиконы қайдан көреміз?

Футбол

«Барселона» – «Реал»: Эль-Класиконы қайдан көреміз?

47 жыл бойы бұзылмаған Қазақстан рекорды жаңарды

Жеңіл атлетика 30 минут бұрын

47 жыл бойы бұзылмаған Қазақстан рекорды жаңарды

ҚПЛ: Бүгінгі ойындарға кімдер қазылық етеді?

Футбол 1 сағат бұрын

ҚПЛ: Бүгінгі ойындарға кімдер қазылық етеді?

2026 жылғы Олимпиада алауы қашан тұтанатыны белгілі болды

Басқа 2 сағат бұрын

2026 жылғы Олимпиада алауы қашан тұтанатыны белгілі болды

Зарина Дияс Жапониядағы турнирді жартылай финалдан аяқтады

Теннис 3 сағат бұрын

Зарина Дияс Жапониядағы турнирді жартылай финалдан аяқтады

Алматы облысында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафоны басталды

Басқа 3 сағат бұрын

Алматы облысында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафоны басталды