6 сағат бұрын
Азия чемпионаты: байдаркамен жарыста Бекарыс Раматулла күміс алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан тағы 2 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық додада Бекарыс Раматулла 500 метрге байдаркада жарыста екінші орынға тұрақтады. Ол мәреге жақын қалғанда Қытай спортшысына есе жіберді.
Ал каноэде 500 метрге ескек есуде қазақстандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді. Құрама сапында Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Тимофей Емельянов пен Маргарита Торлоповажарысқа шықты. Аталған жарыста Вьетнам құрамасы чемпион атанса, Қытай күміс жүлдеге қол жеткізді.
Жалпы командалық есепте 9 алтын медальмен Қытай көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы азақстан мен Вьетнамның 1 алтын медалі бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын байдаркамен жұптық сында 500 метр қашықтықта Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова чемпион атанса,байдаркамен жарыста Стелла Суханова күміс алды.
Қазір жалпы есепте 9 алтынмен жарыс қожайыны Қытай көш бастап тұр. Одан кейін 1 алтын медалі бар Қазақстан мен Вьетнам командасы келе жатыр. Финалдар кешке дейін жалғасады.
