6 сағат бұрын

Алматы облысында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафоны басталды

Алматы облысында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафоны басталды

Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі салтанатты түрде басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Таңғы шапақпен бірге Бақанас бағытындағы кең далада Ұлы даланың рухын, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық бірегейлікті дәріптейтін ауқымды этноспорттық шара өз жалауын көтерді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз құттықтау сөзінде марафонның мән-маңызын атап өтті:

«Ұлы дала жорығы – бұл жай ғана спорттық жарыс емес. Бұл – ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты жалғап, тарихи жадымыз бен ұлттық рухты жаңғыртатын маңызды алаң. Біз осы марафон арқылы ата-бабаларымыздың бай мәдениетін дәріптеп, өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайтамыз».

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жобаның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына сай келетінін атап өтті:

«Ұлттық спорт түрлері мен мәдени мұраны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. “Ұлы дала жорығы” – қазақ өркениетінің байлығы мен қонақжай дәстүрін әлемге паш ететін бірегей жоба».

Сенатор, «JORYQ» федерациясының құрметті президенті Дархан Қыдырәлі жобаның терең тарихи маңызын айрықша атап өтті:

«Ұлы дала жорығы – бұл жай ғана бәйге емес, ата-бабалар жүріп өткен жолмен қайта сапар шегетін тарихи экспедиция. Бұл – көшпелі өркениеттің рухын сезіну, уақыттар арасындағы байланысты нығайту және ұлттық мұраны келер ұрпаққа аманаттау».

«JORYQ» федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биылғы марафонға 19 команда қатысуда: оның 13-і – Қазақстан өңірлерінен, ал 6 команда шетелдерден келген. Олар – Оңтүстік Африка Республикасы, Венгрия, Иран, Қырғызстан және Татарстан (РФ). Қатысушыларға бес күн ішінде 500 шақырымдық дала жолын еңсеру міндеті тұр.

«Барселона» – «Реал»: Эль-Класиконы қайдан көреміз?

Футбол

«Барселона» – «Реал»: Эль-Класиконы қайдан көреміз?

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Есет Қуанов қола жүлдегер атанды

Дзюдо 15 минут бұрын

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Есет Қуанов қола жүлдегер атанды

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады

Хоккей 23 минут бұрын

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады

Эль-класиконың бас төрешісі кім?

Футбол 52 минут бұрын

Эль-класиконың бас төрешісі кім?

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Екі дзюдошымыз қола жүлде үшін күреседі

Дзюдо 2 сағат бұрын

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Екі дзюдошымыз қола жүлде үшін күреседі

47 жыл бойы бұзылмаған Қазақстан рекорды жаңарды

Жеңіл атлетика 4 сағат бұрын

47 жыл бойы бұзылмаған Қазақстан рекорды жаңарды