4 сағат бұрын
Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

Қытайдың Цзяншань қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан құрамасынан бірінші болып жарыс жолына 67 келіге дейінгі салмақта Сергей Чуев шықты. Бірақ, отандасымыз жеңіс тұғырына көтеріле алмады.
Ерлер. А тобы. 67 кг
1-орын. Минх Тран (Въетнам) - 318 кг (146+172)
2-орын. Цинхао Женг (Қытай) - 317 кг (147+170)
3-орын. Мунсу Бае (Оңтүстік Корея) - 306 кг (132+174)
8-орын. Сергей Чуев (Қазақстан) - 286 кг (129+157)
Бұл салмақта В тобында сынға түскен Виктор Надворный 12-орынға тұрақтады. Азия чемпионатында ел намымысын 14 спортшы қорғап жатыр.
Ерлер:
67 келі - Виктор Надворный, Сергей Чуев
73 келі - Петр Хребтов
81 келі - Әлібек Рахымберді
89 келі - Асылжан Бектай, Егор Шерер
96 келі - Сергей Петрович, Кирилл Староверкин
102 келі - Артем Антропов
Әйелдер:
71 келі - Арай Нұрлыбекова
76 келі - Аянат Жұмағали
81 келі - Виктория Новикова
89 келі – Ақерке Байманап
+87 келі - Любовь Ковальчук
Азия чемпионаты 15 мамырда аяқталады.
