3 күн бұрын
Атбасарда футбол алаңында бала жарақат алды

Фото: prosportsetka.ru
Қатты желдің салдарынан Атбасардағы жартылай бұзылған футбол алаңында бала жарақат алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлеуметтік желіде болған оқиғаның бейнежазбасы жарияланды.
Атбасар ауданы әкімдігінің хабарлауынша, оқиға 10 мамырда 1-шағын аудан аумағында болған. Желдің қатты екпініне байланысты футбол алаңы жартылай бұзылған.
- Алаңда ойнаған 11 жастағы баланы оны футбол алаңында жарақат алды. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді, жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта ол травматология бөлімінде дәрігерлердің бақылауында, - деп түсіндірді ведомстводан.
Әкімдік мамандары мәселенің тұрақты бақылауда тұрғанын атап өтті.
- Бізде бастапқыда жоба бойынша ойын алаңы қарапайым нұсқа да жасалған еді. Жаңа мердігер жақсы ойын алаңын жасады. Көгалдар толығымен жабыстырылды. Мүмкін ойнау кезінде балалар шетіне зақым келтірді, жел оны ұшырып жіберді. Алаңды құрылыс бөлімі қалпына келтіреді,-деп нақтылады әкімдіктің баспасөз қызметі.
