14 сағат бұрын

Туризм және спорт министрі Михаил Шайдоровтың жаттығуына келді

Туризм және спорт министрі Михаил Шайдоровтың жаттығуына келді

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоровтың жаттығу жұмысымен танысты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.

Ербол Мырзабосынов «Алау» мұзайдыны сарайында 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпияда ойындарына және халықаралық жарыстарға дайындалып жатқан мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құраманың көшбасшысы, биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоровтың жаттығуы жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда «Алау» мұзайдынында еліміздің үздік спортшылары арнайы жеке бағдарлама бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Министр Михаил Шайдоровпен жеке кездесіп, дайындығы, спорттық формасы мен психологиялық жағдайы туралы сұрады. Сонымен қатар жаттықтырушылар құрамымен пікір алмасып, алда келе жатқан маңызды жарыстарға дайындық барысын талқылады.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров биыл төрт құрлық чемпионатында топ жарып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Одан бөлек Қытайдың Харбин қаласында өткен IX Қысқы Азия ойындарында қола медальға ие болды.

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

ММА/UFC 4 сағат бұрын

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Басқа 4 сағат бұрын

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Дзюдо 5 сағат бұрын

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Теннис 5 сағат бұрын

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Бексұлтан Құлмырза - Пара дзюдодан әлем чемпионы

Дзюдо 6 сағат бұрын

Бексұлтан Құлмырза - Пара дзюдодан әлем чемпионы

Пара дзюдодан әлем чемпионатында Даяна Федосова қола алды

Дзюдо 6 сағат бұрын

Пара дзюдодан әлем чемпионатында Даяна Федосова қола алды