6 сағат бұрын
Спорттық гимнастикадан халықаралық турнирде ел намысын кімдер қорғайды?

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Словенияның Копер қаласында өтетін Challenge Cup сериясының турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, дүбірлі додада еліміздің атынан 3 гимнаст сынға түседі.
Атап айтқанда, Зейнолла Ыдрысов (тұтқалы ат снаряды), Дияс Тойшыбек (тұтқалы ат снаряды, керме) және Фарух Набиев (тіреніп секіру, еркін жаттығу, керме, қоссырық) жүлдеге таласады.
Айта кетейік, байрақты бәсеке 15-18 мамыр аралығында өтеді. Жарысқа қазір 22 елден 58 спортшы тіркелген. Жүлделер 17-18 мамыр күндері сарапқа салынады.
