8 сағат бұрын

Астанадағы ат спорты бойынша халықаралық жарыстар өтеді

Астанадағы ат спорты бойынша халықаралық жарыстар өтеді

Фото: Қазақстан ҰОК

30 мамыр мен 1 маусым аралығында Астанадағы «Арғымақ» ат спорттық сауықтыру кешенінде ат спорты бойынша халықаралық жарыстар өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан астанасында конкурдан Еуразиялық лига аясындағы Әлем кубогының кезеңі және атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир өтеді.

Халықаралық ат спорты федерациясы (FEI) аясында өтетін бұл жарыстарға жақын және алыс шетелдердің ұлттық құрамалары қатысады. 

Үш күн ішінде 60-тан аса үздік спортшы әр түрлі кедергілерден тұратын маршруттар мен атпен жүруден өз шеберліктерін көрсетеді деп жоспарлануда.

Әлем кубогының кезеңін Астанада өткізу – отандық спортшыларға халықаралық аренада өздерін танытуға мүмкіндік береді. Мұндай деңгейдегі жарыстар қазақстандық атлеттердің шеберлігін шыңдап, халықаралық турнирлерге іріктеу жолдамаларына таласуға жағдай жасайды.

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында Мажарстанға есе жіберді

Хоккей 1 сағат бұрын

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында Мажарстанға есе жіберді

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді

Футбол 2 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді

Пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бес медаль алды

Дзюдо 4 сағат бұрын

Пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бес медаль алды

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

ММА/UFC 5 сағат бұрын

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Басқа 6 сағат бұрын

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Дзюдо 6 сағат бұрын

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды