12 сағат бұрын
«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасынан кетеді

Фото: «Астана» БК
Қазақстандық «Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасының келесі маусымына қатыспайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы лиганың президенті Сергей Кущенко мәлімдеді.
— Қазақстандағы кейбір заңнамалық өзгерістерге байланысты «Астана» легионер ойыншыларды құрамына қоса алмай отыр. Осыған орай, клуб алдағы маусымды өткізбеуді жөн көріп, үзіліс алуды ұйғарды. 2025/26 жылғы маусымда олардың U21 ұжымы ВТБ Жастар лигасында бақ сынайды. Ал біз негізгі команданың лигамызға бір жылдан кейін қайта оралу жолдарын қарастырып жатырмыз. «Астана» бізде көп жылдан бері ойнап келеді және алдағы турнирлерге қатысуға ниетті. Бұл – біз үшін де маңызды, — деді Сергей Кущенко.
Айта кетейік, «Астана» ВТБ бірыңғай лигасына 2011 жылдан бері тұрақты түрде қатысады. Ал биылғы маусымда елордалық клуб 44 ойында 42 рет жеңіліп, екі мәрте жеңіске жетіп, біріншілікті соңғы орында аяқтады.
