9 сағат бұрын
Аруларымыз көркем гимнастикадан Азия чемпионатының жүлдесіне таласады

Сингапурда көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы іріктеу күніндегі топтық сайыста Қазақстан құрамасы 5 лента жаттығуында 22.100 ұпаймен екінші орын алып, финалда финалда бақ сынауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл бағдарламада көш басында Оңтүстік Корея гимнасттары 23.000 ұпаймен тұрса, ал үшінші орынға өзбекстандықтар (21.550) жайғасты.
«Қыздарымыз ойдағыдай өнер көрсетіп жатыр. Енді, ертең де іріктеу жарыстары өтеді. Арғы күнге, яғни финалда отандастарымызға сәттілік тілеймін. Әзірге, нақты болжап айту ерте. Командамызға сенеміз. Әр жаттығу, әр қозғалыс — көп еңбектің жемісі. Бастысы — спортшыларымыз өздерінің ішкі сенімі мен жинақылығын сақтап, бар мүмкіндігін көрсете алуда», - деді өз сөзінде деді ҚР гимнастика федерациясының бас хатшысы Раббани Әшімов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
