9 сағат бұрын
Екі көркем гимнасшымыз Азия чемпионатының финалына шықты

Бүгін Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бәсекенің алғашқы күні көпсайыстан іріктеу нәтижесінде Ұлттық құраманың екі спортшысы да финалға жолдама алды. Атап айтсақ, Айым Мейіржанова шығыршық пен лента жаттығуында 53.200 ұпай (26,.550 + 26.650) жинап, үздік үштікке жайғасып екі бағдарламадан да ақтық кезеңге өтті. Сондай-ақ Айбота Ертайқызы 52.000 ұпаймен (26.900 + 25.100) 5-сатыдан көрініп, доп жаттығуынан шешуші тартысқа қадам басты.
Сары құрлық бәсекесінде ересектер арасында 19 елден 100-ден астам үздік атлет жиналып, бар шеберліктерін паш етуде.
Доданың басты мақсаты - спортшылардың шеберлігін шыңдап, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Азия чемпионаты 18-ші мамырға дейін жалғасады.
