5 сағат бұрын
Қазақстандық қос гимнасшы Challenge Cup турнирінде жүлде алды

15–18 мамыр аралығында Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан FIG World Challenge Cup турнирінде қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже тіркеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Ат снарядындағы жаттығуда Дияс Тойшыбек алтын медаль жеңіп алcа, Зейнолла Идрисов күміс жүлдеге ие болды. Бұл жарыс Словениядағы ең беделді гимнастика турнирлерінің бірі саналады және әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылардың қатысуымен өтті.
