18.05.2025
Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионы атанды

Фото: Дене шынықтыру және спорт істері комитеті
Сингапурде өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айбота Ертайқызы лентамен өнер көрсету сайысында чемпион атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық додада ол 28.150 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.
Бұл сайыста тағы бір қазақстандық Айым Мейіржанова 27.000 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.
Айбота бұдан бұрын Айбота жекелей сындағы көпсайыс қорытындысында төрт жаттығу бойынша 82.200 ұпай жинап, қола медаль алған еді.
Айбота Ертайқызы 2004 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін ол 2024 жылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен құрлықтық додада чемпион атанған еді. Сондай-ақ бірнеше мәрте күміс және қола жүлдеге қол созды.
