5 сағат бұрын
Көркем гимнастика: Қазақстандық жастар Азия чемпионатынан олжалы оралды

Фото: ҚР Дене шынықтыру және спорт комитеті
Сингапурде өткен көркем гимнастикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жарысқа Алматы олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары қатысып, 4 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Олардың арасынан жеке бағдарламада Ақмарал Ерекешева доп және лентамен сайысқа түсуден чемпион атанса, шеңбермен екінші орынға тұрақтады.
Ал топтық жаттығуда ел құрамасы булава және шеңбермен сайыста жеңіс тұғырына көтерілді. Командалық сайыста қазақстандық гимнастшылар екінші орын алды. Бұл жолы Ақмарал Ерекешева, Айғаным Рысбек, Ксения Шимолина, Томирис Вахлова, Анастасия Чащина, Әлия Бақытқызы, Евгения Вендиревская және Елизавета Егорова сынға түсті.
Сондай-ақ алты спортшыдан құралған топтық жаттығулардағы көпсайыс:та Ксения Шимолина, Томирис Вахлова, Анастасия Чащина, Әлия Бақытқызы, Евгения Вендиревская және Елизавета Егоров 2 орын алды.
