10 сағат бұрын
Жүзуден Қазақстан құрамасы Испанияда сынға түседі

Фото: Владислав Семенов / ҰОК
Жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасы Испанияның Барселона қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айтулы додада ел намысын 8 спортшы қорғайды. Атап айтсақ, Әділбек Мусин, Аделаида Пчелинцева, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов, Софья Сподаренко, Ксения Игнатова, Егор Попов және Арсен Қожахметов жүлдеге таласады.
Айта кетейік, байрақты бәсеке 21-22 мамыр аралығында өтеді.
