5 сағат бұрын
Астанада алғаш рет Халықаралық биатлон күні атап өтілді

2025 жылдан бастап Халықаралық Биатлон Федерациясы (IBU) 24 мамырды Дүниежүзілік биатлон күні ретінде бекітті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мереке қарсаңында елорданың Орталық саябағында лазерлік мылтықтармен отбасылық эстафета жарысы ұйымдастырылды.
Сайысқа 10 отбасы қатысты, олардың 5-еуі әкесі мен ұлы, ал 5-еуі анасы мен қызы. Барлық жүлдегерлер медальдар, грамоталар және арнайы сыйлықтармен марапатталды, ал чемпиондар арнайы кубоктарға ие болды.
Сонымен қатар, Астанадан бөлек бұл мейрам еліміздің тағы 5 өңірінде атап өтілуде. Олар: Павлодар, Петропавловск, Риддер, Қостанай және Щучинск қалалары.
Айта кетейік, Астанада 9-11 жастағы балалар үшін биатлон секциясы бар. Бұл бастама өткен жылы Биатлон Федерациясының бастамасымен "Grand Tour Biathlon" балалар жарысының финалдық кезеңі аясында ашылған болатын. Қазіргі таңда елордалық 80 нен астам бала биатлонмен тегін айналысуда.
