27.07.2024
Елдос Сметов - Олимпиада чемпионы

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды sport12kz.
Финалда Елдос Сметов татами иесі, франциялық Лука Мхидземен белдесті.
Жартылай финалда Елдос әлем әрі Еуропа чемпионы, испаниялық Франсиско Гарригосты ұтты.
Кездесу қосымша уақытқа дейін жалғасып, Сметов "иппон" ұпайымен жеңіске жетті.
Елдос Сметов бұдан бұрын Олимпиадада 2016 жылы Рио де Жанейрода күміс, 2020 жылғы Токиода қола медаль жеңіп алды.
