08.09.2024

Паралимпиада: 7 қыркүйекте қазақстандық спортшылар қандай нәтижеге қол жеткізді?

Паралимпиада: 7 қыркүйекте қазақстандық спортшылар қандай нәтижеге қол жеткізді?

Париж Паралимпиадасында 7 қыркүйекте қазақстандық спортшылар екі қола медаль алды. Осылайша жүлде санын тоғызға жеткізді. 

Пара дзюдо: Жұрқамырза Шүкірбеков J2 санатында 90 келі салмақта сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Франция өкілі Насер Зорганиді иппонмен тізе бүктірді.

Әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында белдескен Зарина Раифова қола жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Раифова италиялық Каролина Костадан басым түсті.
J2 санатында 90 кг салмақтағы Ғалымжан Смағұлұлы мен Бауыржан Арыстанбеков алғашқы белдесулерінде, J1 санатында +90 кг салмақта өнер көрсеткен Ерлан Өтепов жұбаныш кездесуінде жеңіліп қалды.

Пара пауэрлифтинг: 73 кг салмақ дәрежесіндегі сайыста Раушан Қойшыбаева 117 кг нәтижемен 4-орынға тұрақтады.

88 кг салмақта бақ сынаған Рахметжан Хамаев 200 кг көтеріп, Паралимпиаданы 6-орынмен аяқтады.
Пара каноэ: VL3 санатында 200 метрге жарыстың жартылай финалында Жаңыл Балтабаева 1:02.13 секунд уақытпен финалға шыға алмады. 

KL2 санатында 200 метрге жарыстың жартылай финалында Бибарыс Спатай 45.47 секунд нәтижемен финалдан тыс қалды.


Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 15-тур ойындары өтеді

Футбол 6 минут бұрын

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 15-тур ойындары өтеді

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 20 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 21 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 21 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 21 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 22 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті