08.09.2024

Қазақстандық спортшылар биыл Паралимпиадада медальдар саны жөнінен рекорд орнатты

Қазақстандық спортшылар биыл Паралимпиадада медальдар саны жөнінен рекорд орнатты

Қазақстандық спортшылар 2024 жылғы Париж Паралимпиадасындағы жарысын екі алтын, үш күміс, төрт қола медальмен аяқтады. Осылайша медальдар саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Ел құрамасынан Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) пен Ақмарал Науатбек (пара дзюдо) чемпиондық тұғырға көтерілді. 
Ал Еркін Ғаббасов (пара нысана көздеу), Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу), Ерғали Шамей (пара дзюдо) күміспен күптелсе, Дастан Мұқашбеков (пара жеңіл атлетика), Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Раифова (пара дзюдо) мен Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо) қола жүлдегер атанды.

1996 жылдан бері қазақстандық спортшылар жазғы Паралимпиада ойындарында суда жүзу, парапауэрлифтинг және парадзюдо сияқты спорт түрлерінен 7 медаль (2 алтын, 4 күміс және 1 қола) жеңіп алды.

2016 жылы Риода жүзуден Зүлфия Ғабидуллина алтын медаль еншілесе, Раушан Қойшыбаева парапауэрлифтингтен күміспен күптелді.

2020 жылы Токиода Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 1 қоланы қоржынға салды.

«Снежные Барсы» командасына Антон Васин бас бапкер болды

Хоккей 1 сағат бұрын

«Снежные Барсы» командасына Антон Васин бас бапкер болды

Қазақстандық боксшы Ыстықкөлде суға батып кетті

Бокс 2 сағат бұрын

Қазақстандық боксшы Ыстықкөлде суға батып кетті

Неманья Цавнич – «Тобыл» ойыншысы

Футбол 3 сағат бұрын

Неманья Цавнич – «Тобыл» ойыншысы

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогында күміс алды

Басқа 4 сағат бұрын

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогында күміс алды

Жаңаөзенде Әмен Тұяқов атындағы стадион жаңғыртылады

Футбол 15 сағат бұрын

Жаңаөзенде Әмен Тұяқов атындағы стадион жаңғыртылады

Клубтық әлем чемпионатының финалына Трамп келетін болды

Футбол 15 сағат бұрын

Клубтық әлем чемпионатының финалына Трамп келетін болды