14.09.2024

Паралимпиада жүлдегерлері және бапкерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Паралимпиада жүлдегерлері және бапкерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды

mail.kz

Президент Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар мен атлеттердің жаттықтырушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Алтын медаль иегерлері Дегтярев Давид Мамиевич 

І дәрежелі «Барыс» орденімен, Науатбек Ақмарал Маратқызы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.

Күміс медальға қол жеткізген Ғаббасов Еркін Тілеуғабылұлы, Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы және Шәмей Ерғали «Парасат» орденінің кавалерлері атанды.

«Құрмет» орденімен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Мұқашбеков Дастан Мұратұлы, Райфова Зарина Райфқызы, Федосова Даяна Владимировна және Шүкірбеков Жұрқамырза Бақытұлы марапатталды.

Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушыларының арасынан 5 азаматқа «Парасат» ордені, 7 адамға «Құрмет» ордені берілді. Сонымен қатар екі жаттықтырушы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен наградталды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

10 жылдан кейін қазақ баласы Чемпиондар лигасында гол соқты

Футбол 19 минут бұрын

10 жылдан кейін қазақ баласы Чемпиондар лигасында гол соқты

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады

Бокс 1 сағат бұрын

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады

Демеу Жадыраев Олимпиада чемпионынан реванш қайтара алмады

Күрес 1 сағат бұрын

Демеу Жадыраев Олимпиада чемпионынан реванш қайтара алмады

FIFA рейтингінде Қазақстан футбол құрамасы төрт сатыға төмендеді

Футбол 2 сағат бұрын

FIFA рейтингінде Қазақстан футбол құрамасы төрт сатыға төмендеді

Нұралы Әліп пен Бактиер Зайнутдиновтың құны жаңарды

Футбол 2 сағат бұрын

Нұралы Әліп пен Бактиер Зайнутдиновтың құны жаңарды

Демеу Жадыраев Хорватиядағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Күрес 3 сағат бұрын

Демеу Жадыраев Хорватиядағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты