25.04.2025

2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйақы берілді 

2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйақы берілді 

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады.

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.

Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді. Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай мөлшерде ақшалай сыйақылар қарастырылған:

1-орын - 250 000 АҚШ доллары;

2-орын - 150 000 АҚШ доллары;

3-орын - 75 000 АҚШ доллары;

4-орын - 30 000 АҚШ доллары;

5-орын - 10 000 АҚШ доллары;

6-орын - 5 000 АҚШ доллары.

Ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі. 

Сонымен қатар Олимпиада мен Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсынады.

Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қоламен жалпы командалық есепте 43-орынға табан тіреді.

Ел құрамасынан Париж Олимпиадасында дзюдодан Елдос Сметов (60 келі) алтын, спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов, бокстан Нұрбек Оралбай (80 келі), дзюдошы Демеу Жадыраев (77 келі) күміс, оқу атудан Ислам Сәтпаев пен Александра Ле, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), боксшы Назым Қызайбай (50 келі) қола жүлде алды. 

Ал паралимпиадада пауэрлифтинг Давид Дегтярев (54 келі), дзюдошы Ақмарал Науатбек (48 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ оқу атудан Еркін Ғаббасов, суға жүзуден Нұрдәулет Жұмағали, дзюдошы Ерғали Шамей (73 келі) күміс, жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, дзюдошылар Даяна Федосова (57 келі), Зарина Райфова (70 келі) және Жұрқамырза Шүкірбеков (90 келі) қола медаль иегері атанды.  


 



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Президент Кубогы: Сағындыкова мен Дмитриченко жартылай финалда

Теннис 9 сағат бұрын

Президент Кубогы: Сағындыкова мен Дмитриченко жартылай финалда

«Астананың» жеңілісі шетелдік БАҚ назарында

Футбол 10 сағат бұрын

«Астананың» жеңілісі шетелдік БАҚ назарында

Үміт ақталмады: «Астана» жанкүйерлерін жерге қаратты

Футбол 11 сағат бұрын

Үміт ақталмады: «Астана» жанкүйерлерін жерге қаратты

QJL All Star туралы деректі сериал Freedom Media-да жарық көрді

QJ League 12 сағат бұрын

QJL All Star туралы деректі сериал Freedom Media-да жарық көрді

«Астана» – «Лозанна» матчының алғашқы таймы аяқталды

Футбол 12 сағат бұрын

«Астана» – «Лозанна» матчының алғашқы таймы аяқталды

Астанада таеквондодан халықаралық рейтингтік турнирі басталды

Басқа 15 сағат бұрын

Астанада таеквондодан халықаралық рейтингтік турнирі басталды