2 күн бұрын
Freedom QJ League: Сәуір айының ең үздік голы анықталды

Фото: «Ордабасы» ФК
QJ League лигасының сәуір айындағы ең үздік голы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
16 жасқа дейінгі футболшылар соққан голдардың ішінен жанкүйерлер ең әсерлісін таңдады.
Үздік гол лиганың ресми Telegram-арнасында онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Жалпы сауалнамаға 7393 адам қатысты. Нәтижесінде 2608 дауыс жинаған «Ордабасы» клубының шабуылшысы Бекасыл Қанаттың «Қайсар» (2:2) қақпасына соққан добы үздік деп танылды.
- Бекасыл Қанат («Ордабасы») – 2608 дауыс
- Ерсұлтан Біртай («Қайсар») – 2175
- Альберт Сидихов («Атырау») – 1287
- Асылбек Илхамов («Ордабасы») – 582
- Тамерлан Сарсымбаев («Қайрат») – 282
- Ануар Төленді («Астана») – 136
- Мұхаммед Сүлеймен («Каспий») – 127
- Артём Лящук («Ертіс») – 125
- Тимур Казанцев («Ертіс») – 47
- Ислам Юрий («Ертіс») – 24
Голдардың видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыз.
Айта кетейік, турнир кестесінде 6 ойында төрт рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең нәтиже тіркеген алматылық «Қайрат» 14 ұпаймен көш бастап тұр.
