13.08.2025

QJL All Star құрамына байланысты Freedom QJ League ресми мәлімдеме жасады

QJL All Star құрамына байланысты Freedom QJ League ресми мәлімдеме жасады

QJL All Star командасының құрамы жарияланғаннан кейін, шақырылған футболшылар қатарында «Қайрат» ФК ойыншыларының болмауына байланысты туындаған сұрақтарға жауап ретінде Freedom QJ League ресми мәлімдеме жасады.

2025 жылдың шілде айында Лига Бірінші Лигада («А» біріншілігі) өнер көрсетіп жатқан барлық клубтарға QJL All Star командасының кеңейтілген тізімі жөнінде ресми хат жолдады. Бұл команда Мадридтік «Атлетико» жастар командасына қарсы жолдастық матчқа дайындалу үшін құрылды.

Лига өз тарапынан:

  • Ойыншыларды клуб келісімімен шақыруға,
  • Оларды сақтандыруға,
  • Жаттығу немесе ойын барысында жарақат алған жағдайда емдеу шығындарын толық өтеуге кепілдік берген.

QJL All Star кеңейтілген тізіміне «Қайрат» ФК ойыншылары:

Төлеухан А., Қалиқұлов А., Мұсайыпов А., Буч Д., Смақов А. енгізілген болатын. Алайда, барлық клубтар өз ойыншыларын жіберуге келісім бергенімен, «Қайрат» ФК ресми түрде бұл ұсыныстан бас тартты.

Клубтың бас директоры А. Есимовтің қолы қойылған ресми хатта бас тарту себебі ретінде:

  • Аталған ойыншылардың клуб жаттығу жиындарына және Бірінші Лига ойындарына қатысатыны,
  • Лига тарапынан ойыншыларды «құрама» командаларға шақыруға құқықтық негіздің жоқтығы көрсетілген.

Лига бұл шешімді құрметпен қабылдайды. Сонымен қатар, QJL All Star құрамының соңғы нұсқасы тек спорттық принциптерге сүйене отырып, Лиганың спорттық-аналитикалық бөлімі және команда бапкерлері тарапынан жасақталғаны атап өтілді.

Freedom QJ League 23 тамыз күні Алматыдағы «Хан Тәңірі» стадионында өтетін QJL All Star – «Атлетико» матчына дайындықты жалғастыруда.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қазақстан хоккей құрамасының бұрынғы ойыншысы «Барыста» қызмет атқаратын болды

Хоккей 57 минут бұрын

Қазақстан хоккей құрамасының бұрынғы ойыншысы «Барыста» қызмет атқаратын болды

«Ақтөбе» клубының жас футболшысы өлімінің мән-жайы анықталды

Футбол 1 сағат бұрын

«Ақтөбе» клубының жас футболшысы өлімінің мән-жайы анықталды

Иван Николишин бас тарту драфтына енгізілді

Хоккей 1 сағат бұрын

Иван Николишин бас тарту драфтына енгізілді

250 000 теңге: «Қайрат» клубының жанкүйерлері Чемпиондар лигасындағы билет бағасын қалай қабылдады?

Футбол 2 сағат бұрын

250 000 теңге: «Қайрат» клубының жанкүйерлері Чемпиондар лигасындағы билет бағасын қалай қабылдады?

«Қайрат» жанкүйерлері команда басшылығына бойкот жариялады

Футбол 3 сағат бұрын

«Қайрат» жанкүйерлері команда басшылығына бойкот жариялады

Қазақстандық төрешілер шетелде қазылық етеді

Футбол 4 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілер шетелде қазылық етеді