02.09.2025
САБ сарапшысы «Қайраттың» ерте чемпиондығына пікір білдірді

Қайрат W
«На связи САБ» тelegram-арнасвның хабарлауынша, САБ сарапшысы Жанна Мальгаждарова Freedom QJ League W додасында «Қайраттың» ерте чемпион болуына қатысты пікір білдірді.
«Өткен маусымдарды талдасақ, «Қайрат» әрқашан басты фавориттердің қатарында еді. Командада тұрақты құрылым, мықты құрам және жоғары амбиция бар. Бірақ дәл осылай ерте чемпион атану, әрі үлкен айырмашылықпен – бұл шынымен де әсерлі нәтиже. «Қайрат» жеңіп қана қойған жоқ, әр турда дерлік сенімді түрде үстемдік етті. Бұл алаңдағы ғана емес, одан тыс жердегі жүйелі жұмыстың тікелей нәтижесі деп ойлаймын», – деді сарапшы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
