13.09.2025
QJL жасөспірімдер жарыстарын өткізу құқығы үш жылға ұзартылды

QJL
ҚФФ Атқару комитетінің отырысы өтіп, қазақстандық футболды дамытуға қатысты бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.
Атқару комитетінің шешімімен Freedom QJ League республикалық жасөспірімдер жарыстарын (U16, U17 және U18 жас санаттары бойынша), сондай-ақ қыздар арасындағы U17 жас санатындағы жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге арналған эксклюзивті ұйымдастырушылық және коммерциялық құқықтарын сақтап қалды.
Сонымен қатар, келесі маусымнан бастап Freedom QJ League тағы бір чемпионатты – 15 жастан кіші жасөспірімдер арасындағы біріншілікті өткізетін болады.
ҚФФ пен Лига арасындағы келісімшарт 2028 жылға дейін ұзартылды.
Еске сала кетейік, биыл Freedom QJ League турнирлері еліміздің 18 өңірінен 54 команданы құрайтын 1 620 жасөспірім ұлдар мен қыздарды біріктіріп отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
