13.09.2025
Freedom ALGA! фестивалі Саранда өтті

13 қыркүйек күні Саран қаласындағы «Сұңқар» стадионында Freedom ALGA! атты ауқымды фестиваль ұйымдастырылды. Шараға Қарағанды облысының мектептерінен 3–4-сыныптың 400 оқушысы, ұстаздар, билік өкілдері, бизнес қауымдастығы мен қала тұрғындары қатысты.
Фестиваль футболды мектеп өміріне енгізуді мақсат еткен ALGA! жобасының аясында өтті. Жоба Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының бастамасымен, облыс әкімдігі, Білім басқармасы және Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, сондай-ақ бас демеуші Freedom Holding Corp.-тың қатысуымен жүзеге асуда.
Шара барысында оқушылар флешмобтарға, эстафеталарға және түрлі футбол жаттығуларына қатысты. Трибуналарда ата-аналар мен жанкүйерлер қолдау көрсетіп, мереке концерттік бағдарлама және марапаттау рәсімімен түйінделді. Кештің басты қонағы танымал әртіс The Adresov болды.
Фестиваль барысында аймақтық деңгейде қарқын алып келе жатқан ALGA! жобасының маңызы ерекше атап өтілді. Жоба мектептегі сабақтарды қызықты етіп қана қоймай, балаларға тәртіп, көшбасшылық және командалық рухты сіңіріп келеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
