6 күн бұрын
Макридов – Freedom QJ League тарихындағы ең нәтижелі ойыншы

Freedom QJ League-дің 20-туры аясында «Шахтер» «Қайсарды» ойсырата ұтты. Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өткен матч 6:0 есебімен қарағандылықтардың пайдасына аяқталды.
Ойынның басты қаһарманы – Глеб Макридов. «Тау-кеншілердің» джокері хет-трик жасап, бір нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол көптен күткен тарихи жетістікке жетіп, лига тарихындағы ең нәтижелі ойыншы атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
