12.02.2026
Freedom QJ League үздік ойыншысы «Атлетикоға» аттанады
Freedom QJ League өткен маусымының үздік ойыншысы атанған Глеб Макридов мадридтік «Атлетико» клубының қарауына барады.
Апталық оқу-жаттығу жиыны наурыз айында өтеді. Бұл жиын лиганың ойыншыларды халықаралық деңгейде дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Өткен маусымда Макридов «Шахтер» сапында 19 матч өткізіп, 19 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Ол сондай-ақ 4502 минут ойнап, 39 нәтижелі әрекетпен Freedom QJ League тарихындағы рекорд орнатты. Бұл көрсеткіш бойынша «Қайрат» ойыншысы Дастан Сәтпаевты басып озды.
Қазіргі уақытта футболшы Түркияда «Шахтер» командасымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»