02.04.2026
QJ лига жаңа маусымды фестивальмен бастайды
Биыл QJ лига өз тарихындағы төртінші маусымын бастайды. Маусымның ашылуы 18 сәуір күні Қызылорда қаласында өтетін футбол фестивалімен ерекшеленеді.
Аталған күні «Қайсар» мен «Тобыл» командалары кездеседі. Бұл ойын лига тарихындағы 1000-шы матч ретінде тіркелмек.
«Қайсар Аренада» жанкүйерлер үшін ауқымды Matchday ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында түрлі ойын-сауық, белсенділіктер және мерекелік шоу жоспарланған. Сондай-ақ, кештің арнайы қонақтары ретінде ARO & DARICORN өнер көрсетеді.
Шоу-бағдарлама сағат 12:30-да басталса, матчтың басталу уақыты — 14:00.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан