30.01.2023
«Каспий» футбол клубының сапында жаңа ойыншы.
ekipa.mk
Македониялық қорғаушы Стефан Коцев «Каспий» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport12.kz тілшісі Ақтау қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келісім-шарттың егжей-тегжей ақпараты жарияланбады.
Коцев өз мансабында Македонияның 17 және 21 жасқа дейінгі жастар құрамасында ойнаған. Сонымен қатар, македониялық «Брегальница», «Силекс», косоволық “Лирия”, грекиялық «Аспропиргос» командаларында ойнады.
Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 200 мың еуроға бағалап отыр.
Еске сала кетейік, «Каспий» ҚПЛ-2022 турнирін тоғызыншы орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz