03.02.2023
Мане ПСЖ-ға қарсы ойынға қатыспайды
"Бавария" шабулшысы Садио Мане ПСЖ-ға қарсы ойынға жарақатына байланысты қатыса алмайды.
Мане Германия кубогы аясындағы Вердер Бременге қарсы ойында тізе буынынан жарақат алды. Осыған байланысты шабуылшы Сенегал құрамасымен әлем чемпионатына қатыса алмады.
Еске салайық, 30 жастағы шабуылшы мюнхендік клубқа осы маусымның басында «Ливерпульден» 50 миллион еуроға келген болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz