20.10.2024
Асу Алмабаев UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді

Отандасымыз Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night кешінде бразилиялық Маттеус Николаумен кездесті.Үш раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде Асу Алмабаев төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Бұл оның UFC-дегі төртінші, жалпы ММА мансабындағы 21-ші жеңісіне айналды. Асу қазір 17 жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясын жалғастырып келеді.
Жекпе-жек алдында қазақстандық ең жеңіл дивизион рейтингінде 14-орынды (56,7 кг дейін), бразилиялық жетінші орында тұрған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
