23.10.2024
«Реал Мадрид» ірі жеңіске жетті

Фото: championat.com
УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің үшінші турының алғашқы ойын күні өтті.
Бұл турда жанкүйерлер негізінен «Реал Мадрид» (Испания) пен «Боруссия Дортмунд» (Германия) кездесуіне назар аударды. Алғашқы кезеңде германиялық клуб азулы қарсыласының қақпасына екі гол соғып кетті. Соған қарамастан «Реал Мадрид» екінші кеезңде белсенді ойын көрсетті. Нәтижесінде бес гол соғып, қарсыласын 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша үш ойында алты ұпай жинап, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.
Ал Италияның «Миланы» Бельгияның «Брюггесін» 3:1 есебімен жеңсе, франциялық «Монако» Сербияның «Црвена Звездасын» 5:1, англиялық «Арсенал» Украинаның «Шахтер Донецк» клубын 1:0, англиялық «Астон Вилла» Италияның «Болоньясын», испаниялық «Жирона» Словакияның «Слован Братислава» клубын 2:0 есебімен жеңіп кетті.
Сондай-ақ Италияның «Ювентусі» Германияның «Штутгартына» 0:1, аустриялық «Штурм» Португалияның «Спортинг Лиссабонына» 0:2 есебімен жеңілсе, ПСЖ (Франция) мен ПСВ (Нидерланд) 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
