23.10.2024

Астана қаласының каратэ шинкиокушинкай құрамасы әлемдік додода топ жарды

Астана қаласының каратэ шинкиокушинкай құрамасы әлемдік додода топ жарды

Соңғы жылдары елімізде қарқынды дамып келе жатқан каратэ шинкиокушинкай өнеріне қызығатын жастардың қарасы көбейген. Тіпті, әлемнің түкпір- түкпірінен ел қоржынына жүлде салатын картэшілеріміздің қатары күн санап өсіп келеді. Әлемдік аренада ел абыройын асқақтатып жүрген бұл спорт түріне, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Sport Qory» Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры демеушілік танытып отыр.

«Самұрық-Қазына» мен «Sport Qory» қолдаудың арқасында, елордалық каратэ Шинкиокушинкай құрамасы 19-21 шілде аралығында  Жапонияның Токио қаласында өткен "DreamCup" халықаралық турнирінде бақ сынады.

Каратэ шинкиокушинкай көрермендеріне "Армандар фестивальі" атауымен етене таныс әлемдік бәсекеге 25 елден 4000 мыңға жуық спортшы қатысып, 12 татамиде шын мықтыны анықтады. Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан халықаралық жарыс алдында, Астана қаласының каратэ Шинкиокушинкай құрамасы Жапонияда оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Сондай-ақ, біліктілігі жоғары кәсіби каратэшілерден шеберлік сағатын алу бақыты бұйырды.

Кәрі құрлық шеберлерінің басын қосқан "Армандар фестивальінде" Астана қаласының шинкиокушинкай каратэ командасының мүшелері үздіктер қатарынан көріне білді.

Жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар:

1 орын-Дүзбаев Ержан, 16-18 жас, -63 кг

1 орын-Сафин Радмир, 12-13 жас

3 орын-Рубахов Кирилл, 16-18 жас, - 63кг

3 орын-Кавазов Назар, 16-18 жас, +75 кг

Жеңіс жолында аянып қалмаған жасөспірімдер құрамасымен қатар, қыздарымыз да өзгеден оқ бойы озып шықты.

Қыздар арасындағы жеңімпаздар:

1 орын-Перч Ангелина, 16-18 жас, +56 кг

1 орын-Сафина Виктория, 8-9 жас

3 орын-Гайнутдинова София, 9-11 жас

Айта кетейік, бұл турнирге Бүкіл әлемдік каратэ федерациясының құрамына кіретін кез-келген мемлкет қатыса алады. Қазақстан каратэ федерациясы да бұл тізімде ресми бекітілген.

Алыс-жақын шет елдерден бөлек, ел ішіндегі Республикалық турнирлердің барлығына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Sport Qory» Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры демеушілік көрсетеді.

 

 

 

 

 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Мемфис Депай жаңа рекорд орнатты

Футбол 13.10.2025

Мемфис Депай жаңа рекорд орнатты

Матч «Кайрат» – «Реал» на Кинопоиске посмотрел каждый второй подписчик Яндекс Плюса

Другие 01.10.2025

Матч «Кайрат» – «Реал» на Кинопоиске посмотрел каждый второй подписчик Яндекс Плюса

Золотой мяч — 2025: прямая онлайн-трансляция церемонии

Футбол 23.09.2025

Золотой мяч — 2025: прямая онлайн-трансляция церемонии

Айбек Оралбай вырвал золото у узбекского боксера

Бокс 15.09.2025

Айбек Оралбай вырвал золото у узбекского боксера

Наталья Богданова – чемпионка мира!

Бокс 15.09.2025

Наталья Богданова – чемпионка мира!

19-летний Төрехан Сабырхан сотворил сенсацию в Ливерпуле!

Бокс 14.09.2025

19-летний Төрехан Сабырхан сотворил сенсацию в Ливерпуле!