23.10.2024

Боксшы Аружан Жаңабаева әлем чемпионатын жеңіспен бастады. 

Боксшы Аружан Жаңабаева әлем чемпионатын жеңіспен бастады. 

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатын ел құрамасынан Аружан Жаңабаева жеңіспен бастады. 

63 келі салмақта сынға түскен ол алғашқы айналымда ресейлік Милана Дзугаевадан басым түсті. Есеп - 4:0
1/8 финалда Аружан Диас Мартинеспен (Венесуэла) кездеседі.

Әлем чемпионаты 23 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді.



Біздің серіктес: ads_text