27.01.2023
Отандық теннисшілер Үндістандағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстандықтар Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің жартылай финалына өтті.деп хабарлайды SPORT.12 тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық жұп ширек финалда доданың 4-ракеткалары, өзбекстандық Нигина Абдураимова – тайбэйлік Ен-Шу Лангпен шеберлік байқасты.
Өзбекстандық-тайбэйлік дуэт бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте 1:2 есебімен ұтылып жатқан сәтте матчты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Құламбаева мен Айнитдинова жартылай финалға жолдама алды. Олардың келесі қарсыластары кейін анықталады.
Біздің серіктес: Sport12kz