1 күн бұрын
Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына өтті

Фото: Clive Brunskill / Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/32 финалында Рыбакина (WTA: 12) америкалық Ива Йовичті (WTA: 129) тізе бүктірді.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 5 эйс пен 4 брейк жасап, 1 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:3, 6:3) есебімен басым түсті.
Енді Рыбакина келесі кезеңде латвиялық Елена Остапенкомен (WTA: 21) күш сынасады.
Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 56 352 млн еуроны құрайды. Ал Елена үшінші айналымға жолдама алғаны үшін 168 000 еуро сыйақыға ие болды.
