2 күн бұрын

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

Фото: Clive Brunskill / Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың 1/16 финалында Бублик (АТР: 62) португалиялық Энрике Рошаны (АТР: 200) тізе бүктірді.

Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 9 эйс пен 5 брейк жасап, 6 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 3:0 (7:5, 6:1, 6:2) есебімен басым түсті.

Енді еліміздің үздік теннисшісі келесі кезеңде британиялық Джек Дрейпермен (АТР: 5) ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 56 352 млн еуроны құрайды. Ал Бублик төртінші айналымға жолдама алғаны үшін 265 000 еуро сыйақыға ие болды.

«Әл-Наср» Криштиану Роналдумен жаңа келісімшартқа қол қою үшін барын салуда

Футбол 56 минут бұрын

«Әл-Наср» Криштиану Роналдумен жаңа келісімшартқа қол қою үшін барын салуда

Шымкентте оқ және стенд атудан Азия чемпионаты өтеді

Басқа 2 сағат бұрын

Шымкентте оқ және стенд атудан Азия чемпионаты өтеді

Азат Максұм алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

ММА/UFC 2 сағат бұрын

Азат Максұм алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Ресми: Антуан Гризман «Атлетикода» қалатын болды

Футбол 2 сағат бұрын

Ресми: Антуан Гризман «Атлетикода» қалатын болды

«Байер» Флориан Вирц 150 млн еуро сұрап отыр

Футбол 3 сағат бұрын

«Байер» Флориан Вирц 150 млн еуро сұрап отыр

Қазақстан ТЖМ қызметкерлері әлем чемпионатында атой салды

Басқа 3 сағат бұрын

Қазақстан ТЖМ қызметкерлері әлем чемпионатында атой салды