2 күн бұрын
Қазақстандық теннисшілер Өзбекстандағы турнирде жеті жүлде жеңіп алды

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Өзбекстан астанасы Ташкентте үстел теннисінен халықаралық WTT Youth Contender Tashkent 2025 турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айтулы додада Қазақстан құрамасы жалпы жеті медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдеге Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін), Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова (аралас жұптық бәсеке, 19 жасқа дейін), сондай-ақ Аделя Алжанова (11 жасқа дейін) қол жеткізді.
Күміс медальды Назерке Болатбек (11 жасқа дейін) жеңіп алды.
Ал жеңіс тұғырының үшінші сатысына Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) және Жания Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін) көтерілді.
