2 күн бұрын
Рыбакина ширек финалға шыға алмады

«Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы — польшалық теннисші Ига Швёнтек 2025 жылғы Франция ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Төртінші айналымда Швёнтек 2022 жылғы Уимблдон турнирінің жеңімпазы, әлемнің 11-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакинаны қиын кездесуде жеңіп шықты. Матчтың қорытындысы — 1:6, 6:3, 7:5.
Ширек финалда Швёнтек украиналық теннисші Элина Свитолинамен кездеседі. Ол да осыған дейін 1/4 финалға жолдама алған болатын.
