2 күн бұрын

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінде үлкен сенсация жасады

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінде үлкен сенсация жасады

Фото: Adam Pretty / Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің бесінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың 1/8 финалында Бублик (АТР: 62) британиялық Джек Дрейперді (АТР: 5) тізе бүктірді.

Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 2 сағат 36 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 7 эйс пен 5 брейк жасап, 5 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 3:1 (5:7, 6:3, 6:2, 6:4) есебімен басым түсті.

Енді еліміздің үздік теннисшісі келесі кезеңде италиялық Янник Синнер (АТР: 1) мен ресейлік Андрей Рублёв (АТР: 15) арасында өтетін матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 56 352 млн еуроны құрайды. Ал Бублик бесінші айналымға жолдама алғаны үшін 440 000 еуро сыйақыға ие болды.

Елена Рыбакина Roland Garros турниріндегі жеңілістен кейінгі сәтімен бөлісті

Теннис

Елена Рыбакина Roland Garros турниріндегі жеңілістен кейінгі сәтімен бөлісті

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2026 жылы әлем чемпионатында қайда ойнайды

Футбол 12 минут бұрын

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2026 жылы әлем чемпионатында қайда ойнайды

Панама құрамасының футболшысы «Ақтөбеден» кетті

Футбол 23 минут бұрын

Панама құрамасының футболшысы «Ақтөбеден» кетті

Сауль Альварес қашан спортпен қоштасатынын айтты

Бокс 31 минут бұрын

Сауль Альварес қашан спортпен қоштасатынын айтты

Павлодарда әлем чемпионатының күміс жүлдегері министрліктен сот арқылы сыйақысын өндіріп алды

Басқа 33 минут бұрын

Павлодарда әлем чемпионатының күміс жүлдегері министрліктен сот арқылы сыйақысын өндіріп алды

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері РПЛ клубын тізгіндеуі мүмкін

Футбол 47 минут бұрын

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері РПЛ клубын тізгіндеуі мүмкін