2 күн бұрын
«Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалдық жұптары анықталды

Фото: Getty Images
Франция ашық чемпионатының ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сында ширек финалға жолдама алған барлық теннисшілер белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ерлер арасындағы жекелей сындағы ширек финал жұптары:
- Александр Бублик (Қазақстан, 43) — Янник Синнер (Италия, 1)
- Александр Зверев (Германия, 3) - Новак Джокович (Сербия, 6)
- Лоренцо Музетти (Италия, 7) - Фрэнсис Тиафо (Америка, 16)
- Томми Пол (Америка, 12) - Карлос Алькарас (Испания, 2)
Әйелдер арасындағы жекелей сындағы ширек финал жұптары:
- Арина Соболенко (Беларусь, 1) — Чжэн Циньвэнь (Қытай, 8)
- Элина Свитолина (Украина, 13) — Ига Швёнтек (Польша, 5)
- Мирра Андреева (Ресей, 6) — Луи Буассон (Франция, WC)
- Мэдисон Киз (АҚШ, 7) — Коко Гауфф (АҚШ, 2)
Еске салайық, Франция ашық чемпионатының ширек финалдық кездесулері 3 маусым күні басталады.
