2 күн бұрын
Александр Бублик сенсациялық жеңістен кейін пікір білдірді

Фото: Getty Images
Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалында сенсация жасап, әлемнің 5-ракеткасы ұлыбританиялық Джек Дрейперді жеңгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Кейде өмірде бір-ақ мүмкіндік болады... Бұл менің мүмкіндігім екенін сездім және оны жіберіп алмау керек болды. Мұнда тұру — өмірімдегі ең керемет сәт», - деді Бублик матчтан кейінгі сұхбатында көз жасына ерік беріп.
Еске салайық, Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің жекелей сынында ширек финалға шыққан алғашқы қазақстандық ер теннисші.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші италиялық Янник Синнермен кездеседі.
