2 күн бұрын
Бублик «Ролан Гарростағы» сенсациядан кейін әлемдік рейтингте шарықтады

Фото: Andy Cheung / Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында ойнайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз жарыстың төртінші айналымында әлемнің 5-ракеткасы, британиялық Джек Дрейперді 3:1 (5:7, 6:3, 6:2, 6:4) есебімен тізе бүктіріп, үлкен сенсация жасады.
Еліміздің үздік теннисшісі осы жеңісі үшін ATP Live рейтингінде бірден 19 сатыға жоғарылады. Жарыс басталмай тұрып Бублик әлемнің 62-ракеткасы болатын. Ал қазір ол 43-орынға жайғасқан.
Енді Александр Бублик келесі кезеңде әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 56 352 миллион еуроны құрайды. Ал Бублик бесінші айналымға жолдама алғаны үшін 440 000 еуро сыйақыға ие болды.
