2 күн бұрын
Бүгін «Ролан Гарроста» Александр Бублик жарыс жолына шығады

Фото: Adam Pretty / Getty Images
Бүгін Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің он бірінші жарыс күні, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні 1/4 финалда Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик сынға түседі.
Еліміздің үздік теннисшісі жартылай финал жолдамасын әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен сарапқа салады.
Осыған дейін қос теннисшінің жолы 4 мәрте түйіскен. Оның 1-еуінде Бублик жеңіске жетсе, Синнер 3 кездесуді өз пайдасына жазған.
«Филипп-Шатрие» кортында өтетін кездесу бүгін, 4 маусым сағат 17:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, Франция ашық біріншілігі 8 маусымға дейін жалғасады. Дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 56 352 млн еуроны құрайды. Турнирдің былтырғы чемпионы – испаниялық Карлос Алькарас.
