2 күн бұрын
Елена Рыбакина Roland Garros турниріндегі жеңілістен кейінгі сәтімен бөлісті

2022 жылғы Уимблдон турнирінің чемпионы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос–2025» турниріндегі өнерін аяқтаған соң Парижде қалай демалып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Әлеуметтік желідегі парақшасында ол алып круассанмен түскен суретін жариялап, былай деп жазды:
«Турнирден кейінгі ең жақсы тәтті».
1 маусым күні Рыбакина WTA рейтингінде бесінші орында тұрған польшалық теннисші Ига Швёнтекке төртінші айналымда жол берді — 6:1, 3:6, 5:7.
Әйелдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирі 25 мамыр мен 7 маусым аралығында өтуде. Жарыстың қазіргі чемпионы — польшалық Ига Швёнтек.
