2 күн бұрын
Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасына жол берді

Фото: Daniel Kopatsch / Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турниріндегі жорығын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың ширек финалында Бублик (АТР: 62) әлемнің үздік теннисшісі италиялық Янник Синнерге (АТР: 1) жол берді.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 5 эйс жасап, бірде-бір брейк рәсімдей алмады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:3 (1:6, 5:7, 0:6) есебімен жол берді.
Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 56 352 млн еуроны құрайды. Ал Бублик бесінші айналымға дейін жеткені үшін 440 000 еуро сыйақыны қанжығасына байлады.
