1 күн бұрын
Александр Шевченко Чехияда күтпеген жерден жеңіліс тапты

Фото: Daniel Castelo Branco / Eurasia Sport Images / Getty Images
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Чехияның Простеёв қаласында өтіп жатқан Unicredit Czech Open ATP Challenger 100 турниріндегі жорығын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың ширек финалында Шевченко (103) украиналық Виталий Сачкоға (225) жол берді.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко 1 эйс пен 2 брейк жасап, 2 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:2 (2:6, 1:6) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 145 250 еуроны құрайды.
