13 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Фото: Getty Images
Қазақстандық теннисші Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге «Ролан Гаррос» жұптық сынының жартылай финалында Ульрикке Эйкери мен Эри Ходзумиді 2:1 (6:7 (5:7), 6:3, 7:5) есебімен жеңді. Осылайша, Анна Данилина мансабында үшінші рет «Үлкен дулыға» финалына шықты!
Анна Данилина мен Александра Крунич жұбы финалда Мирра Андреева / Диана Шнайдер (Ресей) мен Сара Эррана / Жасмин Паолини (Италия) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, финалға шыққаны үшін Данилина мен Крунич жұбы 295 мың еуро ақшалай сыйлық алады.
