12 сағат бұрын

«Ролан Гаррос» турнирінің барлық финалисі анықталды

«Ролан Гаррос» турнирінің барлық финалисі анықталды

Фото: Andy Cheung / Getty Images

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан теннистен «Ролан Гаррос» турнирінің барлық финалисі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ерлер арасындағы финал италиялық Янник Синнер (1) мен испаниялық Карлос Алькарас (2) арасында өтеді. Жартылай финалда Синнер сербиялық Новак Джоковичтен (6) басым түссе, Алькарас италиялық Лоренцо Музеттиді (7) жарыс жолынан шығарып жіберді. Финал 8 маусымға жоспарланған.

Ал әйелдер арасында чемпиондықты Беларусь өкілі Арина Соболенко (1) мен америкалық Коко Гауфф (2) сарапқа салады. Соболенко жартылай финалда польшалық Ига Швентекті (5) тізе бүктірсе, Гауфф франциялық Луи Боиссонды (361) қапы қалдырды. Ақтық кездесу 7 маусымға белгіленген.

Айта кетейік, Франция ашық біріншілігі 8 маусымға дейін жалғасады. Дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 56 352 млн еуроны құрайды. Турнир жеңімпазы 2 550 000 еуроға ие болады.

Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін

Футбол 30 минут бұрын

Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін

Нариман Курбанов: «Бұл қазір әлемдегі ең күрделі комбинация»

Басқа 49 минут бұрын

Нариман Курбанов: «Бұл қазір әлемдегі ең күрделі комбинация»

Криштиану Роналду «Алтын доптың» фаворитін атады

Футбол 1 сағат бұрын

Криштиану Роналду «Алтын доптың» фаворитін атады

Криштиану Роналду әлем чемпионатына қатыспайды

Футбол 2 сағат бұрын

Криштиану Роналду әлем чемпионатына қатыспайды

Реваншта Двалишвили мен О'Мэллидің қанша гонорар алатыны белгілі болды

ММА/UFC 2 сағат бұрын

Реваншта Двалишвили мен О'Мэллидің қанша гонорар алатыны белгілі болды

Қазақстан – Солтүстік Македония матчының төрешілері белгілі болды

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстан – Солтүстік Македония матчының төрешілері белгілі болды